Пәкістан Қазақстанмен арадағы тауар айналымын 100 млн долларға жеткізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістан Қазақстанмен арадағы тауар айналымын 100 млн долларға жеткізбекші

Пәкістан Қазақстанмен арадағы тауар айналымын 100 млн долларға жеткізбекші

 Пәкістан Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 400
Фото - Caravan.kz

Пәкістанның Қазақстандағы елшісі Шаукат Әли Мукадам осылай деп мәлімдеді.

«2012 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 36 млн. долларды құрады. Алдағы үш жылда біз оны 100 млн долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді ол жұма күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын табыстау рәсімінде.

«Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары ретінде сауда-саттық, экономика және адами ресурстарды басқару салаларын атар едім», — деп қосты дипломат.