Пәкістан ІІМ хабарлауынша, бұл шаралар БАҚ қызметкерлері үшін Пәкістан аса қауіпті ел болып саналатындықтан қолданылып отыр, деп хабарлайды «Эхо Москвы».
Репортерлердің қауіпсіздігін күшейту шаралары пәкістандық танымал журналист Сайед Салим Шахзад қастандықпен өлтірілгеннен кейін қолға алынды. Оның азаптаумен өлтірілген мәйіті осы аптада Исламабадтан 150 шақырым жерде табылды. Ол соңғы уақытта экстремистік топтардың елдің әскери күштерімен байланысы мәселесін зерттеуен айналысқан.