Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады

Пәкістандағы жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жуықтады

Пәкістанның Лахор қаласындағы терактіден 65 адам қаза тапты, 300-ге жуық адам жарақат алды. Бұл туралы Рейтерагенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.

  • 28 Наурыз 2016
  • 421
Фото - Caravan.kz


Полицияның мәліметіне сенсек, жанкешті балалар саябағының жанында жарылғышты іске қосқан, зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар көп.

Оқиғаға куә болғандардың айтуына қарағанда, діни мерекеге байланысты саябақта жүрген адамдар көп болған. 
Жарылысты ұйымдастыруды «Жамаат үл-Ахрар» лаңкестік тобы өз мойнына алды, олар пәкістандық тәліптер қозғалысының құрамына кіреді.