Жарияланды: 410

Палестина мемлекет мәртебесін алу үшін қарашада БҰҰ-ға өтініш жасамақшы

Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы Махмұд Аббас қараша айында палестина мемлекеттігін тану үшін БҰҰ Бас Ассамблеясына өтініш жасайтынын қуаттап, бұл қадамның кейінгі қалдырылатыны туралы сыбыстарды жоққа шығарды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Ол БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беруге қою күнін таяудағы күндерде Араб мемлекеттері лигасымен келісуге уәде етті. «Осы айда біз БҰҰ-ға жүгінеміз. Араб мемлекеттері лигасы екі күннің ішінде өтініш беру күнін жариялайды», деді Аббас өзінің алдында ел басшысы болған Ясир Арафаттың қайтыс болуына сегіз жыл толуына орай сөйлеген сөзінде. Бұған дейін жергілікті БАҚ палестиналықтардың БҰҰ бақылаушы-мемлекет мәртебесін алуға ұмтылуы келесі жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін деп жазған болатын. Бүгінде БҰҰ-да палестиналықтардың мүддесін Палестинаны азат ету ұйымы байқаушы-субъекті ретінде қорғауда. «Біз БҰҰ-ға 2013 жылы немесе 2014 жылы емес, 2012 жылдың қараша айында шығамыз», - деді Аббас. «Бізді қорқытып-үркіткісі келетіндер бар екенін білеміз, бірақ та біз үшін Отан бәрінен де қымбат», - деді палестиналық көшбасшы. «Коль Исраэль» радиостансасы жексенбі күні Израильдың қаржы министрі Юваль Штайництің «егер палестиналықтар БҰҰ-ға өтініш жасаудан бас тартпаса, Палестина қажеттері үшін салық жинау тоқтатылады» деген сөздерін келтірді. Өзара жанжалдарды түпкілікті реттеу шарттары туралы палестина-израиль диалогы екі жыл бұрын үзілген болатын. Палестина егер Израиль өз елінің халқын Газа секторына қоныстандыруды тоқтатпаса, келіссөздер үстеліне отырудан бас тартып отыр. Палестиналықтар БҰҰ-ға мүшелікке өтіп, 1949-1967 жылдардағы шекарасы халықаралық дәрежеде танылғаннан кейін ғана, Израильмен терезесі тең мемлекет ретінде келіссөздер жүргізбек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін