Палестина мен Израиль келіссөз жүргізе бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Палестина мен Израиль келіссөз жүргізе бастады

Палестина мен Израиль келіссөз жүргізе бастады

Палестина мен Израиль бейбітшілік орнату туралы тікелей келіссөздерді қайта бастады. Екі елдің лауазымды тұлғалары арадағы ұзақ жылғы жанжалды доғармақ ниетте Иерусалимде бас қосты.

  • 16 Тамыз 2013
  • 246
Фото - Caravan.kz

Жиынға Израиль атынан бұрынғы Сыртқы істер министрі Ципи Ливни, ал палестиналықтарды президент көмекшісі Саеб Эрекат бастап барды. Жабық күйде өтіп жатқан кездесу 5 сағатқа созылды. Алайда тараптар қандай келісімге келгендігі жайлы ресми мәлімдеме жасалмады. Израиль тарапы әдеттегідей бұл келісімде бұлғақ саясатын ұстанып отыр. Ципи Ливни екіжақты қақтығыстың 120 жылға созылғанын, ал келісімнің 20 жылдан бері нәжижесіз жүргізілгенін, сондықтан еш нәтиже күтпейтінін ашық айтты.

Дегенмен соған қарамастан бүгін 26 палестиналық Израиль түрмесінен босатылды. Енді мұндай бітімгершілік басқосулар ай сайын екі елде кезек-кезек өтетін болады. Естеріңізде болса Израиль мен Палистина арасындағы екі жақты келісім 2010 жылы тоқтап қалған болатын.