Памир тауында 63 гектар орман алқабы қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Памир тауында 63 гектар орман алқабы қалпына келтірілді

Памир тауында 63 гектар орман алқабы қалпына келтірілді

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Тәжікстанның шығысындағы Таулы Бадахшанда 63 гектар орман алқабы қалпына келтіріліп, 30 гектардан астам жаңа бақша пайда болып, 562 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі CA-News агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Шiлде 2008
  • 566
Фото - Caravan.kz

Таулы Бадахшан автономиялық облысының Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының жетекші маманы Шакарбек Юсуфбеков хабарлағандай, абаттандыру жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 наурызында басталған. «Осы уақыт ішінде 562 мың ағаш егілді. Оның 104 мыңы жеміс ағаштары. Сәндік ағаштар елді мекендерде жолдардың және арналардың бойына отырғызылды», — деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті