Пан Ги Мун: БҰҰ құндылықтарын насихаттауда Н.Манделадан асқан ешкім болған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пан Ги Мун: БҰҰ құндылықтарын насихаттауда Н.Манделадан асқан ешкім болған жоқ

Пан Ги Мун: БҰҰ құндылықтарын насихаттауда Н.Манделадан асқан ешкім болған жоқ

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы журналистерге берген сұхбатында  өмірден озған ОАР-дың бұрынғы президенті Нельсон Манделаны «әділеттік, адамгершілік теңдік пен еркіндік үшін аянбай күрескен алып адам» деп бағалап, оның өмірі бүкіл әлем бойынша көптеген адамдарға күш, жігер бергенін атап өтті, деп хабарлады РБК.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 348
Фото - Caravan.kz

«Біздің заманымызда Біріккен Ұлттар Ұйымының құндылықтарын насихаттауда, алға жылжытуда Нельсон Манделадан артық ешкім еңбек еткен жоқ. Ол бүкіл әлемге әділдік пен адамгершілік үшін біріккен ел қашан да арман-мұратына жететінін көрсетті», — деді Пан Ги Мун.

Нельсон Манделаның о дүниеге аттанып кеткені туралы суық хабар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Руанда мен бұрынғы Югославия елдерінің мәселелерін талқылап жатқанда келді. Отырыс сол жерде тоқтатылып, отырысқа қатысушылар Н.Манделаны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске сала кетейік, 95 жастағы Н.Мандела бүгін, яғни 6 желтоқсанда Йоханнесбургтегі өз үйінде өмірден өтті.