Панфиловшылардың ерлігі - шынайы қаһармандықтың үлгісі - Биньямин Нетаньяху - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Панфиловшылардың ерлігі - шынайы қаһармандықтың үлгісі - Биньямин Нетаньяху

Панфиловшылардың ерлігі - шынайы қаһармандықтың үлгісі - Биньямин Нетаньяху

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху нацизмді талқандаудағы Жеңісті және ондағы Қызыл Армияның атқарған рөлін ұмытпауға шақырды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

  • 9 Мамыр 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Еврей мемлекеті үкіметінің басшысы Тель-Авивтен солтүстікке қарай 30 шақырым жердегі Нетания қаласында Қызыл Армияның Жеңісі мемориалына гүл шоқтарын қойды және Екінші дүниежүзілік соғыстың 69 жылдығына арналған салтанатты рәсімге қатысты.

 «Жеңіс туралы әрқашан да еске сақтау қажет, бұл тарихи тарауды әрқашан да есте сақтау маңызды. Қымбатты ардагерлер, сіздерден Жеңіс тарихын  ауызша да, жазбаша да, тіпті бұл кітап, деректі фильм болсын,   кез келген мүмкіндікті пайдаланып, айтып жүрулеріңізді сұраймын, — деді Израиль премьер-министрі Жеңіс мемориалы жанында жиналған ардагерлерге қарата айтқан сөзінде.

Нетаниядағы салтанатты рәсімге Израильде тұратын Ұлы Отан соғысының ондаған ардагерлері, сондай-ақ израильдік теңіз жағалауындағы қалаға Ресейдің бірнеше қаһарман қалаларынан келген адамдар қатысты.

«Қымбатты ардагерлер, сіздерге алғыс айтамын, сіздерді шын жүректен құттықтаймын және сіздердің алдарыңызда басымды иемін», — деді Нетаньяху.

Ол Нетаниядағы мемориал «Қызыл Армияның, қанқұйлы жауға қарсы күрескен ресей халқының және басқа да халықтардың жанқиярлығы мен ерлігі тарихы туралы сыр шертетін ескерткіш», деп атап өтті.   

 «Бұдан 69 жыл бұрын бүкіл Еуропа қанқұйлы шайқастарда 60 млн. адамның өмірін жалмаған бұл күнді асыға күтті. Соғыстың аяқталуымен Германиядағы фашистік зұлым жау тас-талқан етілді», — деді еврей мемлекеті үкіметінің басшысы.

«Біз, еврейлер, бұл соғыстың ауыр зардабын тарттық. Халқымыздың үштен бірі Холокост кезінде қырылып қалды, кейбір қауымдар түгелдей құрып кетті. Бұл соғыста 1,5 млн. еврей одақтастар армияларында және фашистерге қарсы астыртын жасақтарда шайқасты. Олардың 150 мыңы әйелдер болды, олар майданға да өз үлестерін қосып, тылда да жанқиярлықпен еңбек етті», — деп атап өтті израиль премьері.

 «250 мың еврей жауынгері қазаға ұшырады, олардың 200 мыңы Қызыл Армия қатарында болды, — деп сөзін жалғады израиль премьері. —  Біз олардың біреуін де ешқашан ұмытпаймыз, біз Қызыл Армияның барлық сарбаздары мен офицерлерінің жанқиярлығын есте сақтаймыз».


Нетаньяху өзі үшін — Израиль қорғаныс армиясының офицеріне панфиловшы батырлардың ерлігі әрқашан да үлгі болғанын айтты.

«Мен армияға шақырылған кезде ұлы соғыстың тарихы туралы көп естідім. Мен әрине, панфиловшылардың ерлігі туралы оқыдым», — деді ол Александр Бектің «Арпалыс» деген кітабы жайында айта келіп.

 «Бұл кітаптан көп жайды ұқтым. Бұл кітап — батырлық туралы, командирдің сапалық қасиеттері жайында баяндайтын нағыз тарихи құжат», — деді ол.

Бүгін салтанат өткен фашистік Германияны талқандаудағы Қызыл Армияның Жеңісіңне арналған мемориал — Израильдегі Ұлы Отан соғысы батырларына қойылған ірі ескерткіш. Монументті 2012 жылы Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль президенті Шимон Перес ашқан болатын. Содан бері Жеңіс Мемориалы бүкіл әлемнен туристер және ресми делегациялар көптеп келетін дәстүрлі орынға айналды.