Парижде әлі атыс жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде әлі атыс жүріп жатыр

Парижде әлі атыс жүріп жатыр

Францияда ланкестерді құрықтау операциясы әлі  жалғасып жатыр. Әзірге екі полиция қызметкері қаза болып, 10 адамының жараланғаны айтылуда. Кей басымдар тағы 20  адамның кепілде отырғанын жазып жатыр. Бірақ бұны ресми Париж растай қойған жоқ.

  • 10 Қаңтар 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz

Ағайынды ланкес Куашилер Париж маңындағы Даммартен-ан-Гоэль қалашығындағы баспанахаға бекініп алған. Қазір ғимаратты жандармдар түгел қоршауға алды. Қосымша 5 тікұшақ күші де жұмылдырылып отыр. Әзірге полиция тек барлау жасауға мәжбүр. Өйткені іште кепілде отырғандар бар. Бүгін сондай-ақ қос күдікті — 34 жастағы Саид пен 32 жастағы Шерифтің радикалдық ұйымының мүшесі ретінде АҚШ содырлар тіркеуінде тұрғаны мәлім болды. Кішісі 3 жылға сотталып шыққан екен. Бұл екеуі және Халид Мұрат есімді тағы бір лаңкес сәрсенбі күні Франциядағы әйгілі сатиралық журнал «Шарли Эбдо» редакциясына шабуыл жасалып, 12 адамды атып кеткен. Марқұмдардың дені журналистер. Тағы 20 адам жараланды.