Парижде "ЭКСПО-2020" өткізетін жаңімпаз қала аталады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде "ЭКСПО-2020" өткізетін жаңімпаз қала аталады

Парижде "ЭКСПО-2020" өткізетін жаңімпаз қала аталады

2020 жылы Дүниежүзілік "ЭКСПО" көрмесі өтетін қала сәрсенбі күні Парижде Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясында жарияланады.

  • 27 Қараша 2013
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Экспо-2020» өтініш беру комитеті» баспасөз қызметі мәлімдегендей, «ЭКСПО-2020» астанасы жасырын дауыс беру арқылы таңдалады. Мұның алдында көрме өткізу құқығынан үміткерлердің барлығы ХКБ-ға мүше 167 ел делегаттары үшін өз өтінімдерінің қорытынды таныстырылымдарын өткізеді.

Дауыс беру бірнеше кезеңмен өткізіледі. Егер елдердің бірі бірінші немесе екінші кезеңде 2/3 дауысқа ие болса, жеңімпаз аталады. Соңғы кезеңде көп дауысқа ие болған кандидат жеңімпаз аталады.