Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
“Ел тірегі” тіркелмеген партия басшысы Нұржан Әлтаев шетелде отырып митингке шақыратын оппозиционерлерді қатаң сынға алды.
“Қаңтар оқиғасы халықты қиын жағдайға қалдырды. Әлі күнге дейін кінәлілер табылмай, тергеу жүріп жатыр. Адамдарды қайтару мүмкін емес. Парижде немесе басқа жерде жылы орындықта отырып алып халықты олай үгіттеудің қажеті жоқ. Ол балалар тағы қаңтардағыдай атылып қалулары әбден мүмкін”, — деді Нұржан Әлтаев.