Жарияланды: 570

Парижде Қазақстан және Франция сыртқы саясат ведомстволарының арасында консультациялар өткізілді

Франция Қазақстанмен орнаған екіжақты деңгейдегі, сол сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы да ынтымақтастықтың қарқыны мен сапасын жоғары бағалайды.

Парижде екі елдің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде өткен саяси консультациялар барысында айтылған ой өзегі осындай болды. Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов басқарды, ол француздық әріптесі Эрве Ладсуспен және саясат департаментінің басшысы Ролан Галларагамен жеке келіссөздер жүргізді. Кездесуге екі елдің елшілері Нұрлан Дәненов пен Жан-Шарль Бертоннэ, ондай-ақ сыртқы саясат ведомстволары құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері қатысты. Екі ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Николя Саркози негізін берік қалаған стратегиялық әріптестіктің қазіргі сатысында осындай деңгейдегі консультациялар алғаш рет өткізіліп отыр. Тараптар барлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашаған талқылады. Екі елдің дипломаттары халықаралық саясаттағы ең өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдай туралы пікір алмасты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін