Бірден іске кіріскен полиция 18 адамды босатып алды. Бірақ қаскөйлер із жасырып үлгерген. Қазір Париж тәртіп сақшылары тайлы тұяғы қалмай, үш адамды іздеп жатыр. Мәліметтерге қарағанда, қаскөйлер сауда үйіне таңға 6 жарымда баса-көктеп кіріпті. Бірақ, не үшін мұндай қадамға барғандары әлі белгісіз. Ал кепілдіктен босатылған 18 адамның барлығы дін-аман. Соған қарағанда, мақсаттары лаңкестік шабуыл емес, тек тонау болған сыңайлы.