терроршыларды іздестіру операциясы шеңберінде бірнеше адам қамалды.
Бұл туралы Франция премьер-министрі Манюэль Вальс мәлім етті.
Оның айтуынша, терактіге тікелей қатысы бар адамдарды ұстау әзірге мүмкін болмай отыр.
Қазір аталған қылмысқа қатысы бар үш күдіктінің аты-жөні анықталды.
Полицейлердің мәліметінше, терактіге ағайынды Саид және Шериф Куашилердің қатысы бар. Сонымен қатар, шабуылға қатысқан 18 жастағы Мұрат Хамид Шерлевиль-Мезьере полициясына өз еркімен берілген.