Париждегі лаңкестік еліміздің полицейлерін әбігерге салды
Франция астанасындағы лаңкестіктен соң, еліміздегі қауіпсіздік әлі де барынша күшейтіліп жатыр. Әуежай, вокзал мен метродағы қатаң тексеруден кейін, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың бұйрығымен көшедегі тәртіпте бүгінен бастап қырағы бақылауға алынды. |
Қазір ел бойынша, қоғамдық орындардағы полицейлердің саны екі есеге артқан. Ұлттық гвардия сарбаздарының саны да көбейтіліпті. Барлығына қауіпсіздікті қатаң бақылауға бұйрық беріліп отыр. Егер күдікті тұлғалар кезіксе, аты-жөні анықталып арнайы тексеруден кейін ғана жіберіледі. Ол үшін тіпті, полиция бекеттерінің де саны арттырылған. Бұдан бөлек, маңызды стратегиялық нысандармен бірге мемлекеттік әкімшілік ғимараттардың күзеті күшейді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін