Парламент 2005-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2005-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент 2005-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді қабылдады

Бүгін, 6 - мамырда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "2005-жылғы республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Мамыр 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Парламент палаталарынан құрылған келісім комиссиясының шешімімен

бюджеттің кіріс бөлігі 1 трлн. 245 млрд. 300 млн. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 18,9%-і, шығыс бөлігі 1 трлн. 359 млрд. 300 млн. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 20,7%-і көлемінде бекітілді. Бюджет тапшылығы 113,8 млрд. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 1,7% мөлшерінде өзгеріссіз қалды.
Сөйтіп заң қабылданып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.