Парламент 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

Парламент 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қарады.

  • 14 Қараша 2012
  • 318
Фото - Caravan.kz

Осыған орай төменгі палата депутаттары сенаторлар енгізген өзгерістерге келісім беріп, құжатты қабылдады.

Еске сала кетейік, Парламент Сенаты бюджетті қарау барысында 74 түзету енгізген болатын. Оның ішінде 58 түзету 2013 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігін жалпы сомасы 40 млрд. 853 млн. теңгеге қайта бөлуді көздеген еді. Осыған орай сенаторлар Үкімет резервінің қаражатын 40 млрд. 807 млн. теңгеге қысқартқан болатын. Бұдан бөлек Парламенттің шаруашылық басқармасының шығыстары 13 млн. теңгеге, Жоғарғы сот шығысы 33 млн. 281 мың теңгеге қысқартылған болатын.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар