Парламент декреттік демалыста отырған әйелдерге міндетті зейнетақы жарнасын аударуға мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент декреттік демалыста отырған әйелдерге міндетті зейнетақы жарнасын аударуға мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады

Парламент декреттік демалыста отырған әйелдерге міндетті зейнетақы жарнасын аударуға мүмкіндік беретін түзетулерді мақұлдады

Сенат депутаттары палатаның бейсенбідегі отырысында «Қазақстан республикасының бірқатар заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 12 Желтоқсан 2013
  • 927
Фото - Caravan.kz

Парламент тарапынан толық қабылданған құжат енді елбасының қол қоюына беріледі.

Құжат зейнетақымен қамтамасыз ету және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдарды жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, заңға енгізілген түзетулер бойынша, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдерге декреттік демалыс кезінде зейнетақы жарнасы төленетін болады.

Жоспар бойынша, 10 пайыз жарнаның 4 пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан, қалғаны бюджет есебінен төленбек.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлағандай, «Біздің болжауымызша, мұндай төлемдер жыл сайын 150 мыңнан астам жұмыс істейтін әйелге төленіп отыруы тиіс. 2014-2016 жылдары республикалық бюджеттен 30,6 млрд теңге, 2014 жылы 8,8 млрд теңге қарастырылған»


Құжатқа сүйенсек, 2014 жылдың 1-қаңтарынан бастап ауыр жағдайда еңбек ететін азаматтарға міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы аударыла бастауы тиіс.