Парламент ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден қызметкерлерінің ынтымақтастығы туралы келісімді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден қызметкерлерінің ынтымақтастығы туралы келісімді қабылдады

Парламент ЕурАзЭҚ шеңберінде кеден қызметкерлерінің ынтымақтастығы туралы келісімді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары

  • 1 Қараша 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

«Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызмет мәселелері бойынша кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Аталған келісімге 2011 жылдың 22 маусымында Мәскеуде қол қойылған. Бұл ретте, келісім Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктері қызметкерлерінің болуы мен өзара іс-қимылының құқықтық негіздерін регламенттеу мақсатында әзірленген.

Келісімге сәйкес кеден қызметі өкілдігінің қызметкерлері кеден заңнамасының орындалуына мониторингті, ұсыныстар даярлауды, кедендік шекарадағы өткізу пункттеріндегі мемлекеттік бақылау түрлерінің жүзеге асырылуына талдау жасайды.

Сонымен қатар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауар ағымдары туралы деректерді талдауды жүзеге асырады. Бұдан бөлек өздері болатын елдің кеден қызметінде қолданылатын кедендік технологияларды зерделейді және оң тәжірибелер туралы хабардар етіп, ақпараттар алмасуға қатысады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар