Парламент Кеден одағындағы бәсекелестік саясат туралы келісімді ратификациялады
![]() |
Сенат бүгін жалпы отырысында "Бәсекелестіктің бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады. |
Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді.
Келісімге 2010 жылдың желтоқсан айында Кеден одағы елдері қол қойды. Келісімнің мақсаты тараптардың Кеден одағы аумағында тауарлар, қызметтер мен капиталдың еркін қозғалысын, экономикалық қызмет еркіндігін, тауар рыноктарының тиімді қызмет етуін, елдердің бәсекелестік саясаты саласындағы заңдарын үйлестіру және өзара саудаға кері әсер етуге қабілетті іс-қимылдарды болдырмауды қамтамасыз ету үшін бірыңғай бәсекелестік саясат құру болып табылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін