Парламент "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады

Парламент "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кедендік одақ комиссиясы туралы келісімді бекіту жөніндегі" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Маусым 2008
  • 443
Фото - Caravan.kz

Келісімде кедендік одақтың комиссиясын Кедендік одақтың тұрақты жұмыс істейтін өңірлік органы ретінде құру қарастырылған. Комиссияның басты мақсаты кедендік одақтың жұмыс істеуі мен дамуына қолайлы жағдайлар жасау.

Комиссия «кедендік одақтың жоғарғы органы қабылдаған шешімдерді орындап, кедендік одақты құру жөніндегі келісімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді, өз құзыреті аясында халықаралық келісімдердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, тараптарға кедендік одақ аясындағы дауларды ЕурАзЭҚ сотына дейін реттеуге қолдау көрсетеді».

Комиссия шешімдері тараптар үшін міндетті сипатта.

Келісімге сәйкес, комиссияда тараптар арасындағы дауыс былай бөлінеді: Беларусь Республикасы — 21,5%, Қазақстан Республикасы — 21,5%, РФ — 57%.

Келісімге Беларусь Республикасы , Қазақстан Республикасы мен РФ мемлекет басшылары 2007 жылдың 6 қазанында Душанбеде қол қойған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті