Жарияланды: 620

Парламент Орман Кодексін қабылдады

Бүгін, 25- маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары сенат тарапынан Орман Кодексінің жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды мақұлдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жобасын үкімет жасаған Орман Кодексіндегі ең бір өзекті ұсыныстардың бірі - орман шаруашылығында жеке меншік институтын енгізу болып табылады. Ал парламентшілердің түзетулерінен кейін Орман Кодексінің басты принциптері ормандардың жалпы мемлекеттік маңызын мойындау, ондағы биологиялық түрлерді сақтау, орман қорын пайдалану, қорғау және сақтау, ормандарды қалпына келтіру және өсіру, орман заңдарын бұзудан келген шығынның орнын толықтыру салаларында мемлекеттік реттеу және бақылауды жолға қою , орман қорын төлемді пайдалануға бағытталады. Кодекстке сәйкес орман қоры орналасқан жерлер мемлекеттік және жеке меншік орманы қоры жерлері деп екіге бөлінбек. Мемлекеттік орман қорына орман шаруашылығымен айналысатын мемлекеттік ұйымдарға тұрақты пайдалануға берілген жерлер, ал жеке меншік қорға - жеке меншіктегі немесе ұзақ мерзімді жалға берілген орман шараушылығы мақсатындағы жерлер қамтылады. Орман ресурстарын таратуға тендер өткізу тәртібін белгілеу - Орман Кодексінің жеке бабында қарастырылды. Тендерді ҚР үкіметі белгілеген тәртіп бойынша арнайы құзырлы орган немесе облыстық атқарушы орган өткізеді. Сондай-ақ, құжаттың жеке бабында азаматтардың мемлекеттік орман қоры аумағында болу шарттары дәйектелді. Регламентке сәйкес Кодекс қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть