Жарияланды: 390

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді

Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2 қыркүйекте өтеді. Осы жөніндегі өкімге ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2008 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын",- делінген өкім мәтінінде. Қазақстан Конституциясына сәйкес, парламенттің сессиясы қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен басталады, парламент сессиясын ел президенті ашады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін