Сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы 2-қыркүйекте өтеді.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин қол қойған жарлық ресми баспасөздің жұма күнгі санында жарияланды.
Отырыс таңғы сағат 11:00-де басталады.
Құжатта отырыстың күнтәртібіне енгізілген мәселелер көрсетілмеген.
Қалыптасқан дәстүрге сүйенсек, осы жолы бесінші шақырылымдағы парламенттің үшінші сессиясы ашылуы тиіс.
Оған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.