Жарияланды: 570

Парламент ҚР Қарулы Күштерін Ирактағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау мақсатында пайдалану туралы ҚР Елбасының ұсынысын қарамақ.

Парламент палаталарының бүгінгі бірлескен отырысында халық қалаулылары ҚР Қарулы Күштерін Ирактағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау бағытындағы халықаралық міндеттемені орындау мақсатында пайдалану туралы ҚР Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын қарамақ.

Бұл туралы KZ-today тілшісі Астанадан хабарлады. Бірлескен отырыстың күнтәртібінде сондай-ақ, "2003-жылға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы (бірінші оқылымда ) мен ҚР Конституциялық кеңесінің еліміздегі конституциялық заңдылықтың сақталуы туралы Жолдамасын қарау жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін