Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен жүріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен жүріп кетті

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен жүріп кетті

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен жүріп кетті, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Қ.Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның, Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның және Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хэ Лулимен кездесуі жоспарланған.

Қазақстан парламенті сенатының басшысы сондай-ақ Халық өкілдері бүкілқытай жиналысында болады, ҚХР сыртқы істер министрлігі жанындағы Қытайдың халықаралық проблемалар институтында ғылыми және саяси жұртшылық алдында лекция оқиды, Халық өкілдері бүкілқытай жиналысы тұрақты комитеттерінің басшыларымен және ҚХР-дың басқа да мемлекеттік қайраткерлерімен кездеседі.

Қазақстанның парламенттік делегациясы алда болатын Олимпиада-2008 нысандарында, оның ішінде Ұлттық олимпиялық «Құс ұясы» стадионында және «Цяньмэнь» шетел тілдері мектебінде болады.

Сапар бағдарламасында Гуандун провинциясы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына бару қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті