Парламент Түркі кеңесін қаржыландыру қағидалары туралы заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Түркі кеңесін қаржыландыру қағидалары туралы заңды қабылдады

Парламент Түркі кеңесін қаржыландыру қағидалары туралы заңды қабылдады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.

  • 20 Ақпан 2014
  • 443
Фото - Caravan.kz

Аталған келісімді қабылдау Түркі кеңесі Хатшылығының қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін негіз болады. Келісімнің күшіне енуі саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдени және басқа салалардағы Қазақстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттермен көпжақты ынтымақтастығына жаңа сапа беруге бағытталады.

Құжатқа 2012 жылы Бішкек қаласында қол қойылған. Келісім Хатшылықтың бюджетін қаржыландыру көздерін, оларды қалыптастыру мен атқару тәртібін айқындап, қызметінің негізгі қаржылық қырларын реттейді. Кірістер негізінен мүше мемлекеттердің міндетті жарналарынан құралады. Ал мүше мемлекеттердің міндетті жарналар реті мынадай мөлшерде белгіленген: Әзербайжан Республикасы — 2/15; Қазақстан Республикасы — 4/15; Қырғыз Республикасы — 1/15; Түркия Республикасы — 8/15. Қаражаттар негізінен Түркі кеңесі шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге жұмсалады. Әрбір тараптың міндетті жарналарының нақты сомасы бюджетте көрсетілуі тиіс

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.