Парламент үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасын бекітті (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 464.53
  • 543.73
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  үкіметтің 2007-2009-жылға арналған   бағдарламасын бекітті (толықтырылған нұсқа)

Парламент үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасын бекітті (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 394
Фото - Caravan.kz

Бұл шешім үшін бірлескен отырысқа қатысқан депутаттар, соның ішінде сенаттың 35, мәжілістің 53 депутаты толық дауыс берді.

«Мен өз атымнан және жалпы үкіметтің құрамы атынан парламент депутаттарына жаңа үкіметтің бағдарламасын қолдағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Менің пайымдауымша, атқарушы және заң шығарушы биліктер мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерді бір-бірімен тығыз ынтымақтастықта шешуге тиіс. Мен осындай қолдау көрсеткендеріңіз үшін және сіздермен бірге қоғам алдында тұрған мақсаттарды нақты шешуге мүмкіндік бергендеріңіз үшін ризашылық білдіремін»,- деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда осыдан бір ай бұрын үкімет басшысы болып тағайындалған Кәрім Мәсімов ел Конституциясына сәйкес үкіметтің таяу жылдарға арналған бағдарламасын таныстырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті