Парламент жарақаттайтын қаруды айналымнан алатын құжатты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент жарақаттайтын қаруды айналымнан алатын құжатты қабылдады

Парламент жарақаттайтын қаруды айналымнан алатын құжатты қабылдады

Бүгін Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қарап, құжатты қабылдад

  • 2 Сәуiр 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы бойынша негізінен қолданыстағы үш кодекске және он заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Мәселен, «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заңға өзгерту қарастырылған. Ол бойынша жарақаттайтын қаруды азаматтық айналымнан алу және оны қызметтік қарудың қатарына ауыстыру көзделеді. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары да көзделеді.


«Сенат тарапынан тоғыз түзету енгізілді. Олардың ішінде ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы, сонымен бірге, терроризм және экстремизммен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Бұдан бөлек, бірқатар түзетулер редакциялық нақтылау сипатына ие», — деді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.