Фракция жетекшілерінің пікірінше, «қазір жерді жеке меншікке беретін мерзім жетті дегенге күмән келтіріп отырғандар некен-саяқ . Ауыл тұрғындарының дені бүгінде жерді жеке меншікке беру қажеттігі туралы мәселеден гөрі сол жекеменшікті енгізу жолдары мен механизмін талқылауға көшті. Бұл — елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың логикалық жалғасы болып табылады. Ауылшаруашылық алқаптарын нарық айналымына енгізу — агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына түрткі болады».