"Партиядан көңілім қалды": ШҚО-да мәслихат депутаттары Nur Otan партиясынан жаппай шыға бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Партиядан көңілім қалды": ШҚО-да мәслихат депутаттары Nur Otan партиясынан жаппай шыға бастады

"Партиядан көңілім қалды": ШҚО-да мәслихат депутаттары Nur Otan партиясынан жаппай шыға бастады

Бірқатар депутаттар партия қатырынан шыға бастады.

  • 25 Қаңтар 2022
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Семей қаласының депутаттары Дулат Қажмұханбет пен Айдос Кисаменов Facebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Біреуі партиядан көңілі қалғанын айтты, ал екіншісі депутаттықтың артында жалған жұмыс тұр деп санайды.

«Мен депутаттық институттан, осындай маңызды сәтте партия филиалының әрекетсіздігінен көңілім қалды. Сайлаушыларға деген сенім біржола жоғалды! Ескі шіріген іргетаста жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес!» — деді Айдос Кисаменов.

 «Партиядан көңілім қалды. Бүгін партиядан шығатынымды жариялап, депутаттық міндетімнен бас тартамын!» — деп жазды Дулат Қажмұханбет.


Айдос Қисаменовтың мәліметіне қарағанда, соңғы күндері 150-ге жуық адам партия қатарынан шығу туралы арыз жазған