«Партиялық тізім бойынша құрылған мәжіліс өзінің тиімділігін және әрекетке қабілеттілігін дәлелдеді», -деп мәлімдеді А. Мусин.
«Нұр Отан» ХДП-ның депутаттық фракциясы өзінің халық алдындағы және өз көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдындағы үлкен жауапкершілігін сезініп, бүгінде мәжілістің жұмысында жоғары ұйымдастырушылық және біріктірушілік ролін паш етуде», — деді ол.
Спикер сондай-ақ, «мәжілістің жанынан құрылған қоғамдық палата да өзінің қабілеттілігін дәлелдеді», деп мәлімдеді. «Бүгін оның мүшелері заң шығарушылық жұмысқа белсене атсалысуда. Бұл қоғамдық институттардың билікке ықпалының өсе бастағанының айғағы», -деді А. Мусин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті