Павлодар банктері ипотекалық несиелерді қайта беретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар банктері ипотекалық несиелерді қайта беретін болды

Павлодар банктері ипотекалық несиелерді қайта беретін болды

Павлодар. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар банктері ипотекалық несиелерді қайта беретін болды. Мұндай уағдаластыққа жуырда қалалық билік өкілдері және аймақтық ірі қазақ банктері бөлімшелері директорларымен болған кездесу кезінде қол жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 478
Фото - Caravan.kz

«2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылыс бағдарламасы жоспарланған мерзімнен бұрын орындалып, жуырда ел экономикасында көрініс берген дағдарысқа байланысты қаржы институттарының ипотекалық несиелерді «беруін тоқтатуға» негізі жоқ», — деді Павлодар әкімі Бәкір Демеуов. «Жоспар бойынша, 135,6 мың шаршы метрдің орнына 144,8 мың шаршы метр пайдаланылуға тапсырылды; құрылысы аяқталып қалған ғимараттар 2007 жылдың аяғына дейін өткізіледі. Мұндай жағдайда несие беруді тоқтататудың реті жоқ, сондықтан мемлекеттік бағдарламаларды ойдағыдай іске асыру үшін, біздермен қарым-қатынастарды одан әрі жалғастыруларыңызды сұраймыз», — деді әкім.

Екінші деңгейдегі банктер директорлары өз кезегінде, мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін ипотекалық несиелерге байланысты күрт өзгерістердің болмайтынын және тұрғын-үй құрылыс бағдарламасы бойынша ипотекалық саясаттық сақталатын жеткізді.

Қалалық әкімдік пен банк өкілдерімен қоса, кездесуге облыстық әділет департаментінің, РМК «Павлодар облысы бойынша мүлік орталығының» және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.

Бұл кездесу қала тұрғындарының екінші деңгейдегі банктердің 2008 жылға дейін, ипотекалық несие берудің тоқтатқанына байланысты жазған хаттары бойынша ұйымдастырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті