Павлодар колонияларының бірінде темірбетон өнімдерінің өндірісі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар колонияларының бірінде темірбетон өнімдерінің өндірісі іске қосылды

Павлодар колонияларының бірінде темірбетон өнімдерінің өндірісі іске қосылды

Павлодар. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласының қатал режимдегі АП-162/4 колониясында темірбетон өнімдерінің өндірісі іске қосылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Павлодар облыстық тергеу-түзету жүйесі комитетінің басқармасынан хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 634
Фото - Caravan.kz

«Жаңа өндіріс ашу бастамасы кездейсоқ пайда болды. Алайда, өндірісті іске қоспас бұрын бірқатар есептеулер жүргізілді. Ол бойынша темірбетон өнімдерін шығару аса пайдалы екеніне көзіміз жетті. Содан кейін біз Әділет министрлігі тарапынан да қолдау таптық», — деді «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында облыстық тергеу-түзету жүйесінің қылмыстық комитеті бастығының орынбасары Виктор Жамулдинов.

Оның айтуынша, 1100 тұтқынның ішінде әзірге Ресейде жасалған құралдармен жұмыс жасауға қажетті білім деңгейі бар 60 адам ғана жұмыспен қамтылған. «2008 жылы екінші және үшінші кезектердің іске қосылуымен өндірісте жұмыс істейтіндер саны 120 адамнан асады. Оның үстіне, алдағы 2-3 жылда өндірілетін өнімдер түрінің көбеюімен бірге жұмыспен қамтылғандар саны 200 адамнан асады деген ойдамыз», — деп атап көрсетті В. Жамулдинов.

Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, өндірістің ашылуына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тергеу-түзету жүйесі комитетінің бастығының орынбасары Қайырболат Есқалиев қатысқан. Ол соңғы 15-17 жылда еліміздің колониясында ашылған алғашқы тұтқындарға арналған өндіріс екенін еске салып өткен.

«Бұрын осы секілді өндіріс кешендерінде тұтқындардың 90 пайызына дейін жұмыс істеген. Одақтың күйреуімен біз көптеген зауыттардан айрылдық. Колониялардағы өндіріс те назардан тыс қалды. Олардың қажеттілігі сөзсіз», — деді Қ. Есқалиев.

«Қазір Қазақстан колонияларында шамамен тұтқындардың 30 пайызы жұмыспен қамтылған. Павлодарда жергілікті биліктің тауарды сатуға көмектесетіндігі қуанышты. Кәсіпорынның пайдасыздығы мәселесі туындамауы тиіс», — деп сөзін жалғастырды ол.

Басқарма қызметкерлері хабарлағандай, қазір өндірістегі орташа жалақы 100-120 АҚШ доллары шамасында. Ол 2008 жылдың көктемінде 200-250 АҚШ долларына дейін ұлғайтылмақ.

«Жаңа заңнама бойынша сотталушы мемлекет алдындағы борышын өтемей жатып мерзімінен бұрын еркіндікке шыға алмайды. АП-162/4 колониясының көптеген тұтқындары үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігі ұлғая түскендігі анық», — деді «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында «Адам құқықтары бюросының» Павлодар бөлімшеінің жетекшісі Татьяна Шнейдер.

Ал колония басшылығы болса, «қазірдің өзінде ірі және шағын құрылыс компаниялары арасында жабын плиталары үшін сұраныс өте жоғары. Наурыз айына қарай өнімдер түрі 5 — 6-ға дейін ұлғаяды», — деп мәлімдеме жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті