Бұған дейін мешіт ішінен молдалар мен жамағаттың киім-кешегі, ұялы телефондары жоғалған. Құдайдан қорықпағандар намаз кезінде жұрттың велосипедтерін де мініп кетіпті. Ал ораза кезінде имамдар микрафондарынан айрылып қалды. Полицияға хабарлағанымен, нәтиже жоқ. Енді бір құдай есебін тапсын деп, бұзақылардың үстінен шағымдануларын да қойған.
Данияр Байтулаев, Мәшһүр Жүсіп атындағы Павлодар орталық мешітінің наиб-имамы:
-Оразада микрофоннан айырылдық. Кейбір жігіттердің телефондары, кейбіреулерінің аяқ киімдері жоқ. Халыққа айтарымыз Алла тағаланың үйінде, бұл қасиетті мекен ғой. Осындай ұрлықтар болмаса деген ниетіміз бар.