Жарияланды: 810

Павлодар облыстық көші-қон полициясының қызметерлері Мовлади Удуговқа ҚР азаматының жасанды төлқұжатын берді деген күдік бар

Павлодарда Чечен сепаратистерінің идеологиялық жетекшісі Мовлади Удуговқа жасанды паспорт берді деген дерек бойынша Павлодар облыстық ІІБ көші-қон полициясы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы облыстық ІІБ бастығы Мұрат Тұмарбеков баспасөз мәслихатында хабарлады. ҚР-ның азаматы деген жасанды төлқұжат Мовлади Удуговқа 2001-жылы Павлодар облысының Железинский ауданында туылған Бели дегеннің атымен беріліпті. Аталмыш факт негізінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 325-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Облыстық көші-қон полициясының бастығы қызметтен кету туралы мәлімдеме жасады. М.Тұмарбековтың айтуынша, төлқұжат берілген кезде бастық демалыста болыпты. Бастықтың орынбасары жұмыстан босатылды.Немқұрайдылыққа жол берді деген күдікпен орынбасар мен полицияның тағы бір қызметкері қылмыстық іске күдікті ретінде тартылды. Мовлади Удугов Павлодарға да, жалпы Қазақстанға да ешқашан келген емес. Грозныйда туып өскен 41 жастағы Мовлади Удугов Ичкерияның бұрынғы вице-премьері және мемлекеттік саясат пен ақпарат министрі болған. Чечен сепаратистерінің идеологы , бригада генералы деген әскери шені бар Мовлади Удугов Ресей федерациясы Қылмыстық Кодексінің 279-бабы (әскери бүлікшілік) бойынша Федералдық және халықаралық іздеуде жүрген адам.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть