Жарияланды: 370

Павлодар облысы: көгалды футбол алаңдары салынуда

Павлодар облысында балаларға арнап жаңа футбол алаңдары жарақталуда.

Атап айтқанда Екібастұзда жасанды көгал төселген үш шағын футбол алаңы ашылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. Жас спортшыларға доп тебуге және жаттығуға жайлы жағдайлар жасалып отыр. №9 мектептің жанындағы ойын алаңын тапсыруға арналған салтанатты рәсімде сөз сөйлеген қала әкімі Александр Вербняк, спорт нысандарын өз қаражаттарына салып беріп отырған «Проммашкомплект», «Екібастұз Құрылысшы», «Грань» серіктестіктерінің басшыларына алғыс білдірді. Облыс кәсіпкерлерінің әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында, жаздың басынан бері Майқайың, Баянауыл ауылдарында және Ақсу ауданындағы №4 ықшамауданда жасанды көгалды жаңа футбол алаңдары ашылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін