Павлодар облысында 2007 жылы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 87 млн теңгеге өнім сатып алынған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 2007 жылы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 87 млн теңгеге өнім сатып алынған

Павлодар облысында 2007 жылы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 87 млн теңгеге өнім сатып алынған

Павлодар. 8-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының тұрғындары 2007 жылы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде 87 млн теңгеге өнім сатып алған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ауылшаруашылық департаментінен хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 543
Фото - Caravan.kz

Департаменттің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы аймақта 48 жәрмеңке өткізілген.

«Ауылшаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық қожалықтарының өндірген өнімдерінің көшпелі саудасы қалада да, облыс аудандарында да дәстүрге айналған деп айтуға болады. Сондай-ақ мұндай дәстүр фермер мен сатып алушыларды қайтадан жақындастыра түсті»,- деп атап өтті агенттік тілшісіне берген сұхбатында облыстық ауылшаруашылық департаментінің директоры Нұржан Әшімбетов.

Оның айтуынша, ауылшаруашылық жәрмеңкелері сатушылар үшін де, сатып алушылар үшін де тиімді: біріншіден сауда қатарларынан тегін орын беріледі және де өнім төмен бағамен сатылады. Соның нәтижесінде, мамандардың бағалауы бойынша, мұндай жәрмеңкелердегі өнімнің бағасы шамамен нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен. Және осындай делдалдарсыз өтетін жәрмеңкелер ауылшаруашылығының өнім өндірушілері үшін де өте тиімді.

«Аймақтың тұрғындары үшін өнімді жәрмеңкелерден сатып алу әдеттегі іске айналған және де мұндай іс-шаралардың ерекшелігінің бірі өнімдердің жаңа болуы, оларға небәрі бірнеше күн болған, сондықтан да олардың сапасына ешкімнің күмәні жоқ»,- деген сенімде Н. Әшімбетов.

Мекеме қызметкерлерінің мәліметтеріне сүйенсек, әсіресе жаңа жылдың алдында Павлодардың үш үлкен базарында өткен жәрмеңкелер өте табысты болған — онда облыстың сегіз ауданының фермерлері өз өнімдерін сатқан. Сатудан түскен қаржының көлемі 5 млн теңгені құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті