Павлодар облысында әкім парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында әкім парамен ұсталды

Павлодар облысында әкім парамен ұсталды

Павлодар облысында әкім парамен ұсталды. Жолқұдық ауылдық аймағының әкімі жер телімін сұрап келгендерден 50 мың теңге талап еткен. Алайда қылмыс үстінде құрықталған шенеунік ұзақ уақыт «көлігімнен шықпаймын» деп әлек салды.

  • 17 Тамыз 2013
  • 458
Фото - Caravan.kz


Осылайша қаржы полицейлеріне қарсылық білдірген Бауыржан Сералиновтың кеуде қалтасынан 50 мың теңге тәркіленді. Бұл ақшаны жемқор шенеунік үй құрылысына жер телімін бөлуді өтінген тұрғыннан талап еткен. 50 жастағы Бауыржан Сералинов осы қызметіне тағайындалғанына жарты жыл ғана болыпты. Ол жуырда Жолқұдық ауылында өткен сайлауда өз кандидатурасын ұсына алмағаны былай тұрсын, енді 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.