Павлодар облысында астық жинау аяқталып келеді - ауылшаруашылық департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында астық жинау аяқталып келеді - ауылшаруашылық департаменті

Павлодар облысында астық жинау аяқталып келеді - ауылшаруашылық департаменті

Павлодар. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында астық жинау аяқталып келеді, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне аймақтық ауылшаруашылық департаментінен.

  • 8 Қазан 2007
  • 557
Фото - Caravan.kz

Ауылшаруашылық департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнде 612 мың гектардан астық жиналған, бұл жалпы астық алқабының (622 мың га) 98 пайызын құрайды. Ауылшаруашылық департаментінің директоры Нұрлан Әшімбетовтың айтуынша, облыстың солтүстік аймақтарындағы егін жинау науқаны үстіміздегі аптаның аяғына дейін аяқталады, бұл өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты науқан тоқтатылып, тек жексенбіде, 7-қазанда жалғастырылған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті