Павлодар облысында астықты заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында астықты заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары қабылданды

Павлодар облысында астықты заңсыз әкетудің жолын кесу шаралары қабылданды

Павлодар. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы заңсыз астық әкетудің жолын кесу шаралары қабылданды. Бұл туралы кеше облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Шiлде 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кедендік қызмет Павлодар облысының құқық қорғау және басқа да қадағалау органдарымен бірлесе отырып шекара арқылы заңсыз астық пен одан жасалған өнімдердің, сондай-ақ, басқа да азық-түлік тауарларының тасымалдануын болдырмау бойынша бағдарлама әзірледі», — деп атап көрсетті кедендік бақылау департаменті.

Қазіргі уақытта кеден қызметкерлері облыстық ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтерін ескере отырып астық жағдайына мониторинг жүргізуде. Атап айтқанда, 2007 жылы облыста 352,9 мың тонна бидай жиналған. Былтырғы түсім облыс қажеттілігін 103,6 пайызға орындады. 2007 жылы экспортқа 23 898 тонна астық пен 26 511 тонна ұн шығарылып, 30 тонна астық импортталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті