«Қолайсыз ауа-райы астық орушылардың жұмысын тоқтатты. Бидай егіс даласында су болғандықтан, комбаиндер мен машиналар тоқтатылды», — деді ауыл шаруашылық департаментінің басшысы сейсенбі күні. «Бізге астық жинау науқанын дұрыс аяқтау үшін бар болғаны бірнеше күн жетпей қалды», — деді Нұржан Әшімбетов. Ол, сондай-ақ, астықтың негізгі бөлігі орылғанын, алайда орылмаған астықтың бірнеше мың гектары бар екенін жеткізді.
Ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметіне сүйенсек, бидай негізгі үш бидай егетін аудандарда орылмаған. Облыстың солтүстігіндегі Ертіс ауданында шамамен 10 мың гектар, Железинск және Қашыр аудандарының әрқайсысында 3 мың гектардан жердің астығы орылмаған.
Жаңбырдың салдарынан бидайдың сабағы жатып қалып, комбайншыларға қиындық туғызуда. Оның үстіне, ылғалдылық деңгейі күрт артуда», — деді Нұржан Әшімбетов. «Астық 14 пайыз ылғалдылығында сапалы деп есептеледі. Бірақ, мұндай жаңбырдан кейін оның деңгейі екі есе өседі. Ол өз кезегінде астықты кептіру шығындарын арттыруға әкеледі», — деп түсіндірді ол.
Ауыл шаруашылық департаменті хабарлағандай, қазіргі таңда Павлодар облысында 612 мың гектар аумақта астық орылған. Астықтың орташа түсімі әр гектарынан 9,1 центнерді құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті