Павлодар облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

Павлодар облысында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

Екібастұз ауданындағы Тай ауылында 50 бас ірі қара арам қатқан. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Сиырды баудай түсіріп жатқан індет о

  • 4 Наурыз 2017
  • 360
Фото - Caravan.kz

Екібастұз ауданындағы Тай ауылында 50 бас ірі қара арам қатқан. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Сиырды баудай түсіріп жатқан індет осындағы шаруа қожалықтарының бірінен басталған екен. Онда бірнеше күннің ішінде 30 бас малдың аузынан ақ көбік ағып, өліп қалған. Кейін дәл осындай белгілерімен ауылдықтардың да тана-баспақтары қырыла бастапты. Қазір жұрт сиыр сүтін пайдалану түгілі, малына жолауға қорқып отыр. Ал ветеринарлар сараптама нәтижесін күтпей-ақ өз болжамдарын жасап қойған.

— Өлген малдан патологиялық материал алынып, зертханаға жіберілді. Болжам бойынша, ірі қара пастереллёз ауруына шалдыққан. Ол адамға жұқпайды. Ал малдан алынған қаннан аусыл вирусы анықталған жоқ, деді  Павлодар облыстық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов.