Павлодар облысында бір жасар сәби өрт кезінде тірідей жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында бір жасар сәби өрт кезінде тірідей жанып кетті

Павлодар облысында бір жасар сәби өрт кезінде тірідей жанып кетті

Павлодарда үй өртеніп, бір жасар сәби тірідей жанып кетті. Оқыс оқиға Усолка шағын ауданында болды.

  • 13 Желтоқсан 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Ата-ананың қарауынсыз қалған балалар орындықтардан үй жасап ойнаған. Іші қараңғы болғандықтан, оған шам жаққан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Astana арнасына сілтеме жасап.

Үйде болған 14 және 5 жастағы балалар аман қалды. Оларға медициналық көмектің қажеті болмаған.

“Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі, балалардың отты абайсыз қолдануынан шығып отыр. Одан басқа үйдің ішінде 2008 және 2017 жылғы бала болған. Ұйықтап кеткен. Оянған кезде өртті анықтап, бауырын таба алмаған”, – деді Паводар қалалық төтенше жағдай басқармасы басшысының орынбасары Тілекжан Галямов.

Анасының не себепті балаларды қараусыз қалдырғаны белгісіз. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.