Жарияланды: 410

Павлодар облысында есірткі өсірумен және оны дайындаумен заңсыз айналысқан екі тұрғын ұсталды

Павлодар облысында есірткі өсірумен және оны дайындаумен заңсыз айналысқан екі тұрғын тұтқындалды. Бұл туралы Павлодар облыстық Ішкі Істер басқармасынан KZ-today тілшісіне хабарлады.

"Арна" атты операцияны өткізу барысында Шербақты ауылының 43 жастағы тұрғынының жазғы асханасынан полиция қызметкерлері 0,3 литрлік бөтелкеге құйылған ерекше иісі бар қара түсті сұйықты тауып тәркіледі. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, аталмыш сұйық қарадүрсін тәсілмен дайындалған морфин болып шықты. Үй қожайынынан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Сондай-ақ, Лебяжы ауданындағы ауылдардың бірінде 68 жастағы зейнеткердің бау-бақшасынан полиция қызметкерлері апиын көкнәрінің 65 түп бұтасын тәркіледі. Одан да тұрғылықты мекенін тастап кетпеу туралы қолхат алынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть