Павлодар облысында кеден қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 млн теңгеге жуық көлемде шығын келді
Павлодар. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында кеден қызметкерінің заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 млн теңгеге жуық көлемде шығын келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мекеменің ішкі қауіпсіздік бөлімі "Павлодар-ЦТО" бекетінің бас маманына қатысты іс қозғады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану жөніндегі 307-ші бабының 2-тармағы бойынша айып тағылуда. Белгілі болғанындай, "33 жастағы кеден қызметінің капитаны тауарды рәсімдеген кезде сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушыны ҚҚС төлеуден босатып, оған заңсыз салықтық жеңілдіктер берген", - деп хабарлайды департамент. Мемлекетке келген материалдық шығын көлемі 1 млн 843 мың теңгеге бағаланып, күдіктіге 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төнуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін