Павлодар облысында көше қылмысы төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында көше қылмысы төмендеді

Павлодар облысында көше қылмысы төмендеді

Павлодар облысында көшедегі қылмыстар төмендеді. Бұл туралы бүгін Ұлт жоспарын жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихатында  аталған өңірдің әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

  • 19 Сәуiр 2016
  • 370
Фото - Caravan.kz

«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша қоғамдық орындардағы қылмыс 9 пайызға төмендеді немесе 1282-ден 1166-ға дейін азайды. Көшедегі қылмыс 16,6 пайызға, яғни 553-тен 461-ге дейін төмендеді»,-деді әкім. Сонымен қатар ол  өңірде жол-көлік оқиғалары біршама азайғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Б. Бақауов Қылмыстық құқық бұзушылықтардың картасы құрылғанын еске салып өтті. Оның аясында әрбір тұрғын өзінің өңіріндегі қылмыстылық ахуалын көріп, құқық қорғау органдарының тиімділігін бағалай алады.

«Әрбір елді мекеннің картасын құру жоспарланып отыр. Онда бөлімше басшыларымен байланыс телефондары көрсетіліп, онлайн тәртіпте өтінімдер жіберу мүмкіндігі де ескеріледі. Бұл мақсаттарға ішкі істер департаментіне облыстық бюджеттен 28 млрд. теңге бөлінді», — деді ол.