Павлодар облысында мыс қоспасын өндіретін байыту фабрикасын іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында мыс қоспасын өндіретін байыту фабрикасын іске қосты

Павлодар облысында мыс қоспасын өндіретін байыту фабрикасын іске қосты

Павлодар облысында "Fonet Er-Tai AK Mining" кен өндіру ЖШС Аяқ-Қожан кенішінде жоба құны 2,7 млрд теңгені құрайтын  мыс қоспасын өндіретін байыту фабрикасын іске қосты.

  • 11 Желтоқсан 2014
  • 662
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фабрика қуаттылығы жылына 500 мың тонна байытылған руда және 26 мың тонна жез флотоконцентратын құрайды.
Байыту фабрикасының артықшылықтарының бірі Аяқ-Қожан мыс кенішіне жақын орналасуы болып отыр, бұл руда тасымалдау шығынын біршама азайтуға және кеніштің экономикалық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Мыс қоспасын шығару және тарату ішкі және сыртқы нарыққа бағытталған.
Әкімдік мәліметі бойынша, биылғы жылдың қыркүйек айында бұл кен орнында мыс шығаратын зауыт іске қосылған.
Бұрын хабарланғандай, зауыттың өнімділігі жылына үш мың тоннаны құрайды.
"Fonet Er-Tai AK Mining" ЖШС Павдодар облысындағы Аяқ-Қожан кенішінде мыс барлау, өндірумен айналысады.