Бұл туралы бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, өрт кеше болған.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенше көршілері үйден 76 жастағы әйелдің денесін алып шыққан. Өртті сөндіру кезінде 1940 жылы туған қожайынның денесі табылған.
Өрт себептері анықталуда.