Жарияланды: 670

Павлодар облысында "Қазақстан ғылымының күндері" өтеді

Маусымның 11- 12 аралығында Павлодар облысында "Қазақстан ғылымының күндері" өтеді . Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Осыған орай облысқа келетін өкілдер құрамында ҚР Ғылым Академиясының президенті Серікбек Дәукеев, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Есен Бектұров, ҚР парламенті сенатының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы, академик Жабайхан Әбділдин және басқа да Қазақстандық ғалымдар бар. 11-маусымда ғалымдар С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің оқытушы , студенттерімен , сондай-ақ, облыстық департамент басшыларымен кездеседі. Сонымен бірге , ғалымдар "Қазақстан аллюминийі" ААҚ-ын аралап танысады деп жоспарланған. 12-маусымда делегация өкілдері облыстың Май және Баянауыл аудандарына ат басын тірейді . Баянауыл ауданы Павлодар облысында дүниеге келген дарын иелерінің басым бөлігінің кіндік қаны тамған жер саналады. Олардың арасында Қазақстанның тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаев, Қазақстан Республикасындағы тұңғыш тарих кафедрасының негізін қалаушы Ермұхан Бекмаханов, жазушы-режиссер Жүсіпбек Аймауытовтар бар. Павлодар облысында бүгінде 300 мың адам тұрады. Павлодар облысындағы "Қазақстан ғылымының күндері" аясында таяуда 70 жылдық мерейтойын атап өткен академик Жабайхан Әбділдиннің құрметіне арнап салтанатты шара ұйымдастырылады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть